blog Images

Маңғыстау облысы имамдарының кезекті жиналысы өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өңірімізге қарасты имамдардың кезекті жиналысы болып өтті.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының төрағалық етуімен өткен жиынға Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қатысты мешіттердің бас имамдары мен жұмыс бағыттары бойынша жауапты қызметкерлері қатысып, Рамазан айында атқарылған іс-шаралардың есебін берді.

Облыс бас имамы дін қызметкерлерінің есебін қабылдап, мүбәрак айда атқарылған жұмыстар үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмыс жоспары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, аталмыш жиында Қажылар қауымдастығының Маңғыстау филиалының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы ағамыз шалғайдағы үш имамға «Қайырымды қажылар» тобының атынан қаржылай көмек көрсетті.