blog Images

Маңғыстау облысы имамдарының білімін жетілдіруге арналған курс өз мәресіне жетті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жергілікті имамдардың білімі мен біліктілігін жетілдіруге арналған «Білімді имам – қоғам айнасы» атты курс өз жұмысын аяқтады.

Танымдық шараға Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен ұстаздары қатысты.

Курс аясында белгілі исламтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы «Ақида» пәні және «Хадис» ғылымы бойынша дәрістер оқыды.

Екі күнге созылған курс соңында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы дін қызметкерлеріне арнайы сертификаттар табыс етті.