blog Images

Маңғыстау облысы имамдарының білімін жетілдіруге арналған курс басталды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жергілікті имамдардың білімін жетілдіруге арналған курс өз жұмысын бастады.

Танымдық шараның шымылдығын Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы ашып, дін қызметкерлерінің зейіндерінің ашылып, білімдерінің артуына тілектестігін білдірді.

Осыдан кейін белгілі исламтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы «Ақида» пәні бойынша дәріс оқуды бастады.