blog Images

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жамағаттың айлық отырысы өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде жамағаттық айлық отырысы ұйымдастырылып, ақ дастарқан жайылды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының бастамасымен ұйымдастырылған шара аясында көпшілікке ақ дастарқан жайылып, «Ауызбіршілік – алынбас қамал» тақырыбында уағыз айтылды. Сонымен қатар, облысқа қарасты мешіт имамдарының атқарған жұмыстары қорытындыланды.

Осы орайда Маңғыстау қажылары қауымдастығының төрағасы Қуанышбек қажы Спанұлы 2022 жылы қажылар қауымдастығының дін қызметкерлерімен бірігіп көптеген игі шараларды атқарғандығын атап өтіп, ҚМДБ-ның мен жергілікті имамдардың барлық бастамаларына қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Шара соңына қарай, облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқап қасиетті Ережеп айы турасында уағыз-насихат айтып, ұлық айдың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі