Маңғыстау облыстық мешітінің дәретханасы күрделі жөндеуден өтті
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің дәретханасы заман талабына сай күрделі жөндеуден өтті.
«Оң қолың берген садақаны, сол қолың көрмесін» деген ниетпен жанашыр азаматтар осы игі іске ұйытқы болып, демеушілік жасады. Алла сіздерге разы болсын», деп Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.