blog Images

Маңғыстау облыстық мешітінде Құрбан айт намазы оқылды

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Құрбан айт намазы оқылды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегі мен жылы лебізін білдірді.

Айт намазынан кейін облыс бас имамы құтпа оқып, көпшілікпен бірге дұға жасап, еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығын тіледі.