blog Images

Маңғыстау облыстық мешітінде Ораза айт намазы оқылды

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Ораза айт намазы оқылды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы құлшылық үйіне жиналған қауымды Ораза айт мерекесімен құттықтағаннан кейін, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Құдайбергенұлы ағамыз да ізгі тілегі мен жылы лебізін білдірді.

Айт намазынан кейін облыс бас имамы құтпа оқып, көпшілікпен бірге дұға жасап, еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығын тіледі.

Бұдан бөлек, облыстық орталық мешіт ауласында тігілген киіз үйде зиялы қауым өкілдеріне, ақсақалдарға және жамағатқа арнайы дастарқан жайылды.