blog Images

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті

Қасиетті Рамазан айына орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.

Шара барысында Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы және облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы құлшылық үйіне жиналған көпшіліктің Рамазан айына қатысты және өзге де діни сұрақтарына толыққанды жауап берді.