blog Images

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде кезекті «Пәтуа сағаты» өтті

Келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.

Шара барысында облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы құлшылық үйіне жиналған көпшіліктің Құрбан айт мерекесіне және құрбандық шалу рәсіміне қатысты сұрақтарына толыққанды жауап берді.