blog Images

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешіті: «Qamqor-Sharapat» қызметі түсіндірілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткен жамағаттық айлық отырысы барысында салттық қызмет көрсету жұмысымен айналысатын «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің қызметі көпшілікке түсіндірілді.

«Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің Маңғыстау облысы бойынша жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме жұмысын мешіт жамағатына және қажылық қауымдастығының өкілдеріне таныстырып, оның басты мақсаты – жерлеу рәсімін шариғатқа сай атқару, ысырапшылдыққа жол бермеу, жаназа және жерлеу рәсімінде бірізділікті қалыптастыру болып табылатынын айтып өтті.