blog Images

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешіті 50 балаға қуаныш сыйлады

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті жергілікті көпбейінді балалар ауруханасында игі шара ұйымдастырды.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында жүзеге асқан игі шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері қатысып, денсаулық сақтау мекемесінде ем қабылдап жатқан 50 балаға тәтті сыйлықтар салынған «Рамазан базарлығын» үлестіріп, қуанышқа бөледі.