blog Images

Маңғыстау мешіттері «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Маңғыстау облысына қарасты барлық мешіттерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті.
Акцияға облыс, қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары, мешіт қызметкерлері және жамағат белсене қатысып, өз үлестерін қосты.

Шара барысында мешіттердің ауласына жалпы тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, жамағатқа қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, тазалыққа мән беру жөнінде түсіндіру және насихат жұмыстары да ұйымдастырылды.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұды қоғамды экологиялық жауапкершілікке шақыру, жастар мен жамағаттың тазалыққа деген көзқарасын нығайту, сондай-ақ жалпы ел көлемінде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» бастамасына  қолдау көрсетуге шақырды.