blog Images

«Маңғыстау – машайықтың басқан жері» атты тақырыптық көрме өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Маңғыстау – машайықтың басқан жері» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Дін мен дәстүр бағыты бойынша ұйымдастырылған танымдық шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Серікұлы, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әбілқайыр Жанайұлы, Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметіне Сұлтанбек Жанболатұлы, Ержан хазірет Төлегенұлы атамыздың келіні Мәрзия апамыз, зиялы қауым өкілдері және жергілікті жамағат қатысты.

Мұражай қызметкерлері көненің көзі, асылдың сынығы болған жәдігерлерді жиналған қауымға таныстырып, көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.