blog Images

Маңғыстау имамдарына «Зияткер имам» құжаты насихатталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай дін қызметкерлеріне тұжырымдамалық құжаттарды насихаттау мақсатында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өңіріміздің имамдарына арналған ақпараттық-танымдық шара өтті.

Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары қатысқан шара аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы «Зияткер имам» тұжырымдамасының дін қызметкерлері үшін мән-маңызы туралы айтып берді.