Маңғыстау имамдары Түркия мен Сирия халқы үшін дұға жасады
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы бастаған дін қызметкерлері Алла Тағаладан Түркия мен Сирия жұртының амандығын тілеп, арнайы дұға жасады.
Іс-шара барысында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітіне жиналған дін қызметкерлері табиғи апаттың салдарынан қиындыққа тап болған екі елдің халқы үшін амандық пен тыныштық тілеп, Жаратушы Аллаға дұға етті.