blog Images

Маңғыстау имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Берекелі Рамазан айының жақындауына байланысты Маңғыстау имамдарының кезектен тыс жиыны өтті.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өткен жиынға өңірімізге қарасты қала, аудан мешіттерінің бас имамдары және жұмыс бағыттары бойынша жауапты дін қызметкерлері қатысты.

Жиында Рамазан айында жасалатын рухани және қайырымдылық шаралар, ауызашарларды ұйымдастыру мәселесі, тарауих намазында Құран хатымын түсіру, хатым оқылатын мешіттерді бекіту, құлшылық үйлерінің тазалығы талқыланды.

Облыс бас имамы келе жатқан Рамазан айына дайындықты барынша пысықтап, қала және аудандық мешіттердің бас имамдарына ұлық айда атқарылуы тиіс іс-шараларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.