blog Images

Маңғыстау имамдары футбол ойнады

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өтіп жатқан үш күндік ақпараттық-танымдық семинарға қатысушы дін қызметкерлерін сергіту мақсатында жолдастық футбол ойыны ұйымдастырылды.

Имамдар мен ұстаздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен спорттық шараға дін қызметкерлерінен құралған «Бірлік», «Достық», «Ынтымақ» және «Жігер» атты командалар қатысты.