blog Images

Маңғыстау имамдары 50 түп ағаш отырғызды

Маңғыстау облысы 1973 жылы құрылған. Биыл Маңғыстау ауданының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау ауданының имамдары Ақтау қаласының ортасына 50 түп ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының қатысуымен қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатында өткен шараға Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының дін қызметкерлері қатысты.