blog Images

Маңғыстау дін қызметкерлері имамдар форумында қабылданған құжаттармен танысты

Ақтау қаласындағы «Ержан Хазірет» мешітінде өңіріміздің дін қызметкерлеріне «Имам – ізгі қоғам жаршысы» тақырыбында өткен V республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды таныстыруға арналған семинар өтті.

Шара аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттердің имамдары мен ұстаздарына «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі», «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі» және «Қажының рухани келбеті» атты құжаттары туралы кеңінен баяндап берді.