blog Images

Маңғыстау ауданының бас имамы Жыңғылды мешітінде насихат айтты

Қасиетті Рамазан айында Маңғыстау ауданына қарасты Жыңғылды ауылдық мешітінде жамағатқа арналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Аталған игі шараға Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы арнайы қатысып, жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты. Өз сөзінде Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның тәрбиелік мәні және мұсылманның рухани жауапкершілігі жайында кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, бас имам жамағатпен бірге құптан және тарауих намаздарын өткізіп, ел бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.