Маңғыстау ауданының бас имамы Жыңғылды ауылының тұрғындарымен кездесті
Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы Жыңғылды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жыңғылды ауылының әкімі Әсет Маратұлы алдағы қасиетті Рамазан айымен жамағатты құттықтады.
Жиын барысында ауыл тұрғындарына дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдағы рухани тәрбие мәселелері жөнінде кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар Рамазан айының мәні мен маңыздылығы, ауыз бекітудің сауабы туралы насихат айтылды.

