Маңғыстау ауданының бас имамы жат ағымның алдын алу тақырыбында насихат айтты
Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы Тұщыбек ауыл тұрғындарымен кездесіп,«Жат ағым-жарға жығады»тақырыбында насихат айтты.
Мешіт имамы халықты діни ақпаратты тек ресми діни мекемелер мен мамандардан алуға шақырып, еліміздегі діни тұрақтылық пен бірліктің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жастардың діни сауатын арттыру, отбасында имандылық құндылықтарды дәріптеу бағытында пікір алмасты.


