blog Images

Маңғыстау ауданының бас имамы түсіндірме жұмыстарына қатысты

Маңғыстау аудандық орталық кітапханасында «Имандылық – рухани байлық бастауы» атты танымдық сағат өткізілді.

Танымдық шара аясында Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы Берекет Жұмалиев атындағы №2 орта мектебі және №7 мектеп-лицейінің оқушыларына имандылық ұғымының мән-мағынасын ашып, дәстүрімізге жат діни ағымдардың жетегінде кетпеуге, қазіргі кей жерлерде болып жатқан келеңсіз жайттардан сақтануға, аулақ болуға шақырды.