Маңғыстау ауданының бас имамы Қызан мешітінде насихат айтты
Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы Қызан ауылдық мешітінің жамағатымен жүздесіп, тарауық намазын жүргізді.
Рухани жиын барысында бас имам жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның адам тәрбиесіндегі орны және ауызбіршіліктің маңыздылығы жөнінде тағылымды уағыз-насихат айтты.
Уағыз барысында мұсылман қауымын сабыр мен шүкіршілікке, өзара татулық пен мейірімділікке шақырып, Рамазан айының рухани тазару мен сауап жинау айы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтың қоғам тұрақтылығы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.
