blog Images

Маңғыстау ауданының бас имамы Қызан ауылының діни ахуалымен танысты

Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы Қызан ауылының әкімшілігіне барып, ауылдағы діни ахуалмен танысты.

Сапар барысында ауыл әкімі мен тұрғындармен  бірге жергілікті жағдай, діни бағыттағы жұмыстардың жайы талқыланып, жамағатпен байланыс, мешіт қызметін дамыту бағыттары сөз болды.

Сондай-ақ бас имам ауылда жаңадан бой көтеріп жатқан ауылдық мешіттің құрылысымен танысып, жұмыстың жүргізілу барысын көрді.