blog Images

Маңғыстау ауданының бас имамы Онды мешітінде жұма намазын өткізді

Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы Онды ауылына арнайы барып, жергілікті мешітте уағыз айтып, жұма намазын өткізді.

«Миғраж түнінің артықшылығы» тақырыбында жұма уағызын айтқан Құралбай Амалбайұлы, құлшылық үйіне жиналған жамағатқа Исра мен миғраж оқиғасы – ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басынан өткен тамаша мұғжизалардың бірі екенін еске салып, одан ғибрат алуға шақырды.

Жұма намазы аяқталғаннан кейін аудан бас имамы Онды ауылының әкімі Қуаныш Жәнібекұлымен кездесіп, елді мекендегі діни ахуал туралы сөйлесті.