blog Images

Маңғыстау ауданының бас имамы колледж студенттерімен кездесті

«Заңғар Асу» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында Маңғыстау техникалық колледжында «Ислам діні мен ұлттық тәрбие сабақтастығы» атты тақырыпта мақсатты топтардың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған шара өткізілді.

Шара аясында Маңғыстау ауданының бас имамы, теолог Құралбай Амалбайұлы сөз алып, жиналған көпшілікке Әбу Ханифа мәзһабын ұстанудың маңыздылығы, сондай-ақ, тәңіршілдік наным-сенімін ұстанушы кейбір азаматтардың әлеуметтік желілерде ислам дініне қарсы айтып жүрген сөздерінің негізсіздігі туралы айтып берді.

Бұдан бөлек, теолог маман біздің халқымыздың дүниетанымындағы мақал-мәтелдер мен түрлі тыйымдардың Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерімен сабақтас екендігін еске салды.