Маңғыстау ауданының бас имамы Ақшымыраудағы мешіт құрылысымен танысты
Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы Ақшымырау ауылына барып, жаңадан бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылыс жұмысымен танысты.
Сапар барысында құрылыс барысы, жобалық мүмкіндіктер және мешіттің болашақ қызметі жөнінде әңгіме қозғалды. Сонымен қатар құрылыс алаңына барып, жұмыс қарқыны жайлы ақпарат тыңдады.


