blog Images

Маңғыстау ауданының бас имамы «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді

Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы Бейнеу ауылдық «Әзірханов Басшы Айжанақұлы» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Тағдырға разылық таныту» тақырыбында жұма насихатын айтқан Құралбай Амалбайұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа тағдыр ұғымының мән-мағынасын ашып, қазақ халқының мақал-мәтелдерінен көркем мысалдар келтіріп, тақырыпты кеңінен түсіндірді.