Маңғыстау ауданының ардагерлер үйінде кездесу өтті
Маңғыстау ауданының Ардагерлер үйінде аудан ақсақалдарымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Басқосуға Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы қатысып, жиналған қарияларға «Ислам және адал қоғам» жылы атқарылатын жұмыс жоспарын таныстырды.
Кездесу барысында Бас мүфтидің ел бірлігі мен рухани тұтастықты нығайтуға бағытталған бастамалары, сондай-ақ ҚМДБ-ның жылдық жұмыс жоспарлары кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, қоғамдағы тәрбиелік мәні зор «Аталар мектебі» жобасының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары сөз болды.
Аудан бас имамы Ербол Айдарұлы ақсақалдардың ел ішіндегі бірлік пен берекені сақтаудағы орны ерекше екенін атап өтіп, рухани-тәлімдік шараларда аға буынның тәжірибесі мен ақыл-кеңесінің маңызы зор екенін жеткізді.


