blog Images

Маңғыстау ауданының 95 жылдығына 95 ізгі шара жобасы жалғасуда

Қасиетті Ережеп айының құрметіне Маңғыстау аудандық Шетпе мешітінде «Білімді мыңды жығар» атты білім сайысы ұйымдастырылды.

Жүргізуші Басбеков Азаматтың білім алудың маңыздылығы туралы кіріспе сөзінен кейін, Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады.

Білім сайысына құлшылық үйінің жамағатынан құралған «Аңсарлар», «Бастау», «Тәуекел» және «Ізгілер» атты топтар қатысып, өзара бақ сынасты.

Аудан бас имамы Құралбай Амалбайұлы, Тұщықұдық ауылдық мешітінің имамы Алибек Асқарұлы, аудандық Шетпе мешітінің наиб имамы Таушанов Дархан және мешіт жамағаты Шопанов Нұрболат сияқты азаматтар жарысқа төрелік етті.

Бұл сайыста діни сұрақтардан бөлек, Қазақстан тарихы және өзге де мектеп пәндерінен сұрақтар қойылды.

Нәтижесінде, I орынды «Ізгілер» тобы иеленіп, ІІ орын «Бастау» тобына, ал ІІІ орын «Тәуекел» тобына бұйырды. 

Жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сыйлықтар және алғыс хаттар табыс етілді.

Бұл шара мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту мақсатында жүзеге асқанын айта кеткеніміз жөн.