blog Images

Маңғыстау ауданының 95 жылдығына 95 ізгі шара жобасы басталды

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Биыл Маңғыстау ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау аудандық Шетпе мешіті 95 ізгі шара атты қайырымдылық шаралар легін бастап кетті.

Өткен жұмада Шетпе мешіті жанынан «Әр жұмада 500 теңге садақа» атты қайырымдылық жобасы басталып, соның алғашқы нәтижесі ретінде ауылдасымыз Тәңірбергенова Орынгүл апамыздың отбасына 95 000 тг қаржылай көмек көрсетілді.

Маңғыстау аудандық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!