Маңғыстау аудандық мешітінде Рамазанға дайындық жиыны өтті
Маңғыстау аудандық мешітінде Рамазан айына дайындық жиыны өтті. Оған аудандық мешіттердің барлық имамдары қатысты.
Жиында аудан бас имамы Ербол Айдарұлы қасиетті айға дайындық жұмыстарының барысы туралы айтып, мешіттердегі ұйымдастырушылық шараларды пысықтау қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, имамдарға:
- мешіт асханалары мен ауызашар дастархандарында тазалық пен халал талаптарын сақтау,
- өрт қауіпсіздігі мен инженерлік жүйелердің үздіксіз жұмысын бақылау,
- жамағатқа қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау,
- Рамазан айында қоғамдық тәртіп пен имандылықты сақтау шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жиын барысында Рамазан айы – рухани жаңғыру, сабыр мен қайырымдылық айы екені атап өтіліп, имамдар мен мешіт қызметкерлеріне жамағатқа тәрбие және насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу маңызды екені түсіндірілді.


