blog Images

Маңғыстау аудандық мешітінде «Рамазан сыйы»қайырымдылық шарасы өтті

Маңғыстау аудандық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж 20 отбасыға күнделікті тұтынуға арналған азық-түлік себеттері табысталды.

Шара барысында мешіт имамы  жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бұл айдың мейірім мен қайырымдылыққа толы ерекше уақыт екенін атап өтті. Сондай-ақ мұқтаж жандарға қол ұшын беру – сауапты іс екенін айтып, жамағатқа насихат айтты.