blog Images

Маңғыстау аудандық мешітінде Құран жарысы өтті

Маңғыстау аудандық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жамағат арасында Құран Кәрімнен сайыс ұйымдастырылды.

Сайысқа қатысушылар «Духа» мен «Нәс» сүрелерін жатқа оқудан және 30-шы параны мәнерлеп оқудан өз шеберліктерін көрсетті.

Шара барысында мешіттің бас имамы Ербол Айдарұлы қатысушыларға насихат айтып, оларға рухани жолда табандылық пен қажырлы еңбек тіледі.

Шара соңында үздік нәтижеге жеткен қатысушылар анықталып, жүлделі орын алғандарға ақшалай сыйлықтар табысталды.