blog Images

Маңғыстау аудандық мешітінде «Бас имам сағаты»өтті

Қасиетті Рамазан айында,Маңғыстау аудандық орталық мешітінде «Бас имам сағаты» өтті.

Кездесу барысында мешіттің бас имамы Ербол Айдарұлы жамағатқа қасиетті Рамазан айының маңызы, оразаның сауабы және мұсылманның күнделікті өміріндегі имандылық құндылықтары жайында насихат айтты. Сондай-ақ жамағат тарапынан қойылған діни сұрақтарға жауап беріп, пайдалы кеңестерін жеткізді.

Шара соңында жиналған жамағат ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады.