blog Images

Малайзия: Куала-Лумпур федералды бас мүфтиінің орынбасарымен кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Малайзияға арнайы сапармен барған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Куала-Лумпур федаралды Бас мүфтиінің орынбасары Сахибус Жамали бин Мохд Аднан мырзамен кездесті.

Кездесу барысында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Бас мүфтидің сәлемін жеткізді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы халықаралық байланыстарды нығайту, рухани қарым-қатынасты күшейту мәселелері сөз болды. 

Малайзиялық әріптестер Діни басқарма жанындағы Ғұламалар кеңесіне және заманауи пәтуалар шығару үлгісіне қызығушылық танытты. Алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасады. 

Кездесуге Малайзиядағы Қазақстан елшілігінің бірінші хатшысы, аға дипломат Арсен Ануарбекұлы да қатысты.