Мәжіліс төрағасы Ораза айт мерекесімен құттықтады
ҚР Парламенті Мәжілісі мен «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады.
«Сіздерді Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Ізгілік пен мейірімге толы Рамазан айына ұласатын бұл мерекенің күллі мұсылман қауымы үшін маңызы зор. Бұл күндері әр адам игі істерге ұйытқы болуға, жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысады.
Осынау тағылымды мейрам халқымыздың береке-бірлігін арттыруға, ел тұтастығын сақтауға, дініміз бен ділімізді қастерлеуге ықпал етеді. Рухани дүниемізді байытып, иманымызды күшейтеді. Айттан айтқа аман-есен жете берейік. Әр шаңыраққа шаттық пен құт-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» делінген Мәжіліс төрағасының құттықтауда.