blog Images

Көше тазалықшыларына көңіл бөлінді

Ережеп айының құрметіне орай Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінің жанындағы Әйел-қыздар секторы қыстың суық күнінде көше тазалықшыларына жылы көңіл-күй сыйлады.

Ардақты пайғамбарымыздың хадистерінде қоршаған ортаны таза ұстау жайында қатаң ескертілген. Осы орайда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Жаңаөзен қаласының көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүрген жандарға мешіт ұстазы Омарова Меруерт және әйел-қыздар жамағаты ыстық ыстық тамақ пен шай үлестіріп, қызметтері үшін алғыс айтты.