ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай 35 дін қызметкеріне қаржылай сый берілді
ҚМДБ-ның 35 жылдық меретойы аясында Маңғыстау облысының 35 дін қызметкерлеріне қаржылай сыйлық берілді.
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басындағы бағдарлық баяндамасында дін қызметкерлеріне қолдау көрсету мәселесі ерекше атап өтілген болатын.
Осы орайда,Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өткен шара барысында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы өңірдегі 35 дін қызметкерін жыл бойы атқарған абыройлы еңбектері үшін арнайы алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.
Бас имам өз сөзінде дін қызметкерлерінің өңірдегі рухани тәрбие мен ағартушылық бағыттағы қызметі ерекше маңызды екенін айтып, олардың табанды еңбегі мен қоғамға қосқан үлесі лайықты түрде бағаланатынын атап өтті.




























