«Келімберді ахун»мешітінің шәкірттері арасында Құран сайысы өтті
Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық «Келімберді ахун» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жамағат арасында қасиетті Құранды насихаттау, сүрелерді дұрыс оқу,тәжуид ережелерін пысықтау.
Жарысты әділқазылар алқасы қадағалап, қатысушылардың білімін жоғары бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мешіт имамы Амидулла Абдуллаұлы өз сөзінде: «Құран үйрену – әрбір мұсылман үшін қайырлы іс. Бұл жарыс біреуді жеңу үшін емес, Алланың сөзіне деген махаббатымызды арттыру үшін ұйымдастырылды», – деп атап өтті.
