blog Images

Келімберді ахун мешітінде Рамазан айына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Батыр ауылдық Келімберді ахун мешітінде қасиетті Рамазан айының келуіне орай мешіт ауласы мен оған кіретін жолдар абаттандырылды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – айлардың сұлтаны Рамазанда құлшылық ордасына келуші жамағатқа қолайлы жағдай жасау.

Жөндеу жұмыстары барысында арнайы техника қолданылып, жол табаны тегістеліп, қажетті төсемдер төселді. Енді мешітке келушілер үшін жаяу жүріп өту әлдеқайда жеңіл әрі қауіпсіз болды.

Мешіт бас имамы Амидулла Абдуллаұлы  мен мешіт жамағаты осы қайырымды іске атсалысқан барлық азаматтарға алғысын білдіріп, олардың үлесі қоғам мен жамағатқа пайдалы екенін атап өтті.