blog Images

«Ізгі қоғам ауызбіршілік пен татулыққа негізделеді» тақырыбында кездесу өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің наиб имамы Рысбек Азаматұлы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында болды.

«Ізгі қоғам ауызбіршілік пен татулыққа негізделеді» тақырыбында өткен кездесу барысында Рысбек Азаматұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мекеме қызметкерлері тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.