blog Images

«Ізгі ана — берекелі қоғам негізі» атты шара өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Ізгі ана — берекелі қоғам негізі» атты шара ұйымдастырылды.

Келелі жиынға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, қоғам қайраткері Саламат Нұрұлы ағамыз, Маңғыстау облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, ұлағатты ұстаз Нұрбаулова Даржан апамыз, Ағаділова Ақзер апамыз және көптеген ақжаулықты апа-әжелеріміз қатысты.

Шара аясында дін мен дәстүр жолында «Игі аналар» атты әжелер мектебін құру бастамасы көтеріліп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі сөз етілді.