«Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қасиетті Рамазан айына орай Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ақтау қалалық мешітінің әйел жамағаты мен «Асыл аналар» әжелер мектебінің өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында ана мен келіннің қарым-қатынасы, қыз бала тәрбиесі және имандылық тақырыбында сөз қозғалды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мұсылман әйелінің бүгінгі болмысы, ананың қоғамдағы рөліне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Құлшылық үйінің ұстазы Ақмарал Қазиева мен әжелер мектебінің мүшелері қатысушылардың тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі