blog Images

«Ислам және ізгі қоғам» атты рухани жиын өтті

Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» атты рухани жиын өтті.

Берекелі жиынға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлы, «Әл-Хаким» мешітінің имамы Айғабыл Дәуірханұлы, «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінің имамы Серік Орынханұлы, дін қызметкерлері және жергілікті жамағат қатысты.

Алғы сөзді алған облыс бас имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялағанын айтып өтіп, жиналған көпшілікті жақсылыққа үндеп, жаман іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ, шара барысында қол күрестен жарыс ұйымдастырылып, жүлделі орын иегерлеріне арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Кеш соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығы үшін дұға жасалды