Иран Ислам Республикасының Бас консулы облыстық мешітке келді
ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы жаңадан тағайындалған Бас консулы Замани Джафармен кездесті.
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде өткен кездесу барысында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, өңірдегі діни-ағартушылық бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтті.
Өз кезегінде Бас консул Замани Джафар көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайту, мәдени және діни бағытта өзара тәжірибе алмасу маңызды екенін атап өтті.
Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Бас консулға жаңа қызметіне сәттілік тілеп,ізгі тілегін жеткізді.

