blog Images

«Имани жаз-2023» сауат ашу курсы басталды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде дәстүрлі «Имани жаз» сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Сауат ашу курсының алғашқы шарасы аясында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы шәкірттерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, жарқын болашақ тіледі.

Осыдан кейін «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызының бастамасымен балалар екі топқа бөлініп, түрлі спорттық ойындарға қатысты. Мешіт атынан 60-қа жуық шәкіртке арнайы тәттілер үлестірілді.

«Имани жаз-2023» жобасы Ақтау, Жаңөзен қалалары, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіттерде де ұйымдастырылатын болады.