blog Images

«95 ізгі шара» жобасы: Ауылдық жерде қызмет ететін имамдарға қолдау көрсетілді

Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Биыл бұл ауданның құрылғанына 95 жыл толып отыр. Осы орайда Маңғыстау аудандық Шетпе мешіті тарапынан жүзеге асып жатқан «95 ізгі шара» атты қайырымдылық шаралар легі қасиетті Рамазан айында да жалғасын тапты.

Маңғыстау ауданының бас имамы Құралбай Амалбайұлы бастаған дін қызметкерлері жергілікті Шайыр ауылының имамы Шоқанбаев Құралбекке және Тұщықұдық ауылының имамы Калимбетов Алибекке халықтың атынан 95 000 теңгеден қаржылай қолдау көрсетті. 

Бұдан бөлек Маңғыстау облыстық қажылар қауымдастығының атынан Тұщықұдық ауылдық мешітінің наиб имамы Даниалға 50 000 теңге табыс етілді.

Маңғыстау аудандық мешітінің ұжымы осы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!