ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ тарапынан бекітілген діни оқу-ағарту бағытының жылдық жоспарына сәйкес Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өңір имамдары және ұстаздарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды.
Жиында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахмет Серік Полатханұлы, облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы,ҚМДБ Құран секторының Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Қарыапыз Абділлахат,Ығылман Мұхаммед жергілікті дін қызметкерлеріне «Құран және Тәжиуд ережелерінен» дәріс оқыды.